«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жиi қойылатын сұрақтар

Сұрақ: 2008 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да алынған кредитті субсидиялау мүмкіндігі

Жауап:

Бір кредит желісі шеңберінде борышкер-кәсіпкердің бар (құптау сәтінде) банк кредиті бойынша және жаңа қарызға пайыздық ставканы субсидиялау, бұл  жоба құпталғаннан кейін Бағдарламаның 2 «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бағыты шеңберінде пайда болады.

Экономик аның басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатысушы бола алады.

Банк кредиті бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары:

  • борышкер-кәсіпкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға өтінімді 2010 жылы ғана бере алады;
  • пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аспауға тиіс;
  • егер борышкердің кредит сомасы 3 млрд. теңгеден асып түссе, онда оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына  қатысуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды;
  • субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспауға тиіс;
  • пайыздық ставканы  субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12%-ға дейін кемітетін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырыла алады

Екінші бағытты іске асыру тетігі:

1. Борышкер-кәсіпкер ең мол борышы бар банкке сауықтыруға өтінішпен жүгінеді, оған қоса береді:

  • Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі, қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де борышы бойынша ақпарат;
  • төлеу көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа салықтар және бюджетке өзге де міндетті төлемдерді (осылар болған жағдайда) төлеу жөніндегі мерзімін ұзартуға өтініш;
  • үш жылға кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі жоспар (бұдан әрі – жоспар).

2. Борышкер-кәсіпкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде осы туралы Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясы (бұдан әрі – Ассоциация) мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ларды (бұдан әрі – Даму) хабардар етеді.

3. Ассоциацияның Кредиторлар комитеті борышкердің қаржы-экономикалық әлділігі және Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Сонда Кредиторлар комитеті борышкер-кәсіпкермен ақпаратты толық ашу туралы келісімге отырады.

4. Кредиторлар комитеті борышкер-кәсіпкер ұсынған барлық құжаттарды қарағаннан кейін қабылданған шешімді сәйкес хаттама нысанында ресімдеп, хаттама мен қарызгер жөніндегі материалды Дамуға жібереді.

5. Даму борышкер-кәсіпкер туралы деректерді жинау және өңдеуді жүзеге асырып, оны субсидиялау жөнінде ұсынымды пысықтап, барлық материалды ЭДСМ-ге жібереді.

6. ЭДСМ Кредиторлар комитетімен Жоспарлары келісілген Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын өз ұсынымдарымен бірге шұғыл түрде Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.

7. Мемлекеттік комиссия құптаған жағдайда борышкер-кәсіпкер әрбір кредит берушімен қарыз міндеттемелері бойынша шарттарды қайта жасайды, оларда келесі шарттар айқындалды: кредиттер бойынша пайыздық ставка 12% деңгейде бекітіледі, одан 7%-ды Бағдарламаға қатысушы төлеп, ал мемлекет 5%-ның орнын толтырады, содан кейін субсидиялау шарты жасалады.


Сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде бизнес жүргізуді сервистік қолдау алу

Жауап:

Сервистік қызметтер Бағдарламаға енген жобалардың іске асырылуын қолдау үшін, сондай-ақ өңір кәсіпкерлігін жалпы қолдау үшін ұсынылады.

Кәсіпкерге келесі сервистік қолдау түрлері көрсетіледі: салық салу, бухгалтерлік есепті жүргізу жөнінде, еңбек, жер, азаматтық, экологиялық, кеден заңнамасы жөнінде консультативтік қызметтер; консалтингтік, сараптамалық қызметтер; заңды ілесу; маркетингтік зерттеулер; сауда-экономикалық миссия ұйымдастыру; буклет, кітапшалар дайындау; семинар өткізу.

Сервистік қызмет көрсетуді алу үшін кәсіпкер кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен ӨҮК айқындаған тәртіпте сервистік қолдау жөніндегі операторға жүгінеді.


Сұрақ: «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде Аққайың ауданында мал шаруашылығы кешенін алуға кредит алу.

Жауап:

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы кәсіпкерлердің бизнес жобаларын тікелей кредиттеуді көздемейді. Кредитті екінші деңгейлі банктер береді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты шеңберінде пайыздық  ставканы  субсидиялау шарттары:

  • банк сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңарту және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады;
  • пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы бір заем алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауға тиіс;
  • субсидиялау мерзімі ілгеріде 10 жылға дейін ұзартумен 1 жылдан 3 жылға дейін;
  • өтінуші жобаны іске асыруға жобаны іске асырудың жалпы құнының 15%-нан кем емес жеке қаражатын қатыстыруды қамтамасыз етуге тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы  субсидиялау 12%-дан аспайтын сыйақы ставкасымен Банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырыла алады, оның 7%-н Бағдарламаға қатысушы төлеп, ал мемлекет 5%-ның орнын толтырады.

Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі:

1. Өтінуші банкке жүгінеді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігін бағалап, жағымды шешілген жағдайда өтінушіге жобаны кредиттеуге дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінуші банктің жағымды шешімімен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жүгінеді, ол осы жобаны Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – ӨҮК) қарауына шығарады.

4. ӨҮК жобаның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігін қарап, субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі сәйкес хаттамамен ресімделеді.

5. Басқарма жобаны хаттамамен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (бұдан әрі – ЭДСМ) жібереді, ол субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұру құқығына ие.

6. ЭДСМ-нің жағымды шешімінен кейін субсидиялау шарты жасалады.

Бағдарламаны іске асыруға облыста орналасқан келесі 11 банк қатысады: Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Альянсбанк» АҚ, «ЦентрКредитБанкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «КазкоммерцБанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «НурБанк» АҚ СҚФ, «БТА Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ ЕҰ «БТА Банк» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ.

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018 15:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2018 15:26

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»www.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+