«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

ҮЕҰ-дармен өзара іс-қимыл

2019 жылғы әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде «Жас және жаңа бастаған кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау» тақырыбына екi күндiк семинар материалдары (ZIP 5046 Kb)

2019 жылы 23-24 желтоқсанда «Жас және жаңа бастаған кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау» тақырыбына екi күндiк семинар өттi

23-24 желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде кәсiпкерлiк субъектiлерi мен кәсiпкерлiк бастамасы бар тұлғалар үшiн «Жас және жаңа бастаған кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау» тақырыбына екi күндiк семинар ұйымдастырылды және өткiзiлдi. Семинардың бiрiншi күнi қатысушыларға бизнестi қаржылай емес қолдау шаралары, атап айтқанда бизнес бастау, жас кәсiпкер сияқты бағдарламалар туралы айтылды. Жас кәсiпкерлер Кәсiпкерлер палатасының жұмысы туралы, сондай-ақ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында қандай қызметтердi алуға болатынын бiлдi. Семинарға қатысушыларға табысты кәсiпкер болу керек қасиеттер туралы айтылды.

Күннiң екiншi жартысында «Даму» Қорының маманы тренингке қатысушыларды жеңiлдiктi кредит беру, мемлекеттiк гранттар сияқты қаржылық қолдау шаралары туралы хабардар еттi. Одан әрi қатысушылар алдында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» консультанты сөз сөйледi, ол Қолжетiмдi баспана 2020 және бақытты отбасы бағдарламасы туралы айтып бердi, балаларды төмен мөлшерлемемен пәтердi қалай сатып алуға болады және мемлекет қандай кепiлдiк бередi деген сұрақ қызықтырды. Күн соңында балалар өз әсерлерiмен және уайымдарымен бөлiстi.

Екiншi күнi қатысушыларды бизнес жоспарды, қаржылық модельдi қалай дұрыс жасау керектiгiн және тәуекелдердi қалай азайту керектiгiн үйреттi. Алған бiлiмдерiн бекiту үшiн балаларға интерактивтi ойын өткiзiлдi, ол өзiн кәсiпкер ретiнде сезiнуге мүмкiндiк бердi, шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

***

Басқарма мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде келесi iс-шараларды өткiздi:

2017 жылы

«Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?»

2017 жылдың 11-12 мамырында СҚО бойынша «Даму» ОҚ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ қолдауымен «Жастар СӨС үшiн» ЖҚБ-мен «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» атты облыстың кәсiпкерлiкке ынтасы бар хылқы мен бастамашы кәсiпкерлерiне арналған екi күндiк оқу семинары өттi.

Семинардың басты мақсаты — нарықтық экономикада кәсiпкерлiктiң қаншалықты өзектi екендiгiн көрсету, кәсiпкерлiк қызметтiң «қыр-сырымен» таныстыру және оның басты ережелерiн қарастыру.

Семинардың 11 мамыр б.ж. алғашқы күнi лекциялық сабақтар барысында қатысушылар арасында кәсiпкерлiк қызметтiк нысандары, бизнестi сегменттеу, әлемде және Қазақстанда кәсiпкерлiктiң нысандары, салық режимiн таңдау, салықтық есеп беру тақырыптары кең талқыланды. Өткен материалдар бойынша семинардың қатысушылары бизнес-тренерлерге қызықтыратын сұрақтарын қойды.

12 мамыр б.ж. семинардың екiншi күнi топ болып практикалық сабақтар өттi. Кәсiпкерлiк қызметте кең талқыланатын сұрақтар қойылды. Әр сұрақтан кейiн топтар өз шешiмдерiн шығарды.

Одан әрi өткен материалдар бойынша сауалнама өттi.

Екi күндiк семинар-тренингтiң соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Аталмыш оқу семинар жаңа тиiмдi бизестi бастау үшiн үлкен теориялық және практикалық жәрдем бердi.

Семинар-тренингте СҚО бойынша «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшiлер сөз сөйледi. Семинарға облыс аудандарынан және Петропавл қ. 20 аса адам қатысты.

2016 жылы

Кәсiпкерге бизнесiн дамыту үшiн көмек

Облыстық сауда-өнеркәсiп палатасы кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басын қосып, «Кәсiпкерге бизнесiн дамыту үшiн көмек» тақырыбында семинар өткiздi.

Аталмыш шара облыстық кәсiпкерлiк және туризм басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Семинарға орта және шағын кәсiпкерлiктiң 25 өкiлi қатысты.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының еңбек және салық заңнамалары, олардың талабы мен тәртiбiн терең түсiнiп, сол бағыттарда туындаған мәселелердiң шешiмдi жолдары жайында кеңестер тыңдады. Мәселен, Еңбек кодексi нормаларындағы бизнес субъектiлер үшiн аса маңызды болып табылатын еңбек келiсiмшартын жасау және бұзу, жұмыс уақыты мен еңбекақы мәселелерi бойынша заңнамалық талаптар жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жаңа салық заңнамасындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы, алдағы жылы көлеңкелi экономикаға қарсы тұрудың тиiмдi жолы болып табылатын электронды есепшоттың енгiзiлетiндiгi айтылды.

Қатысушылар менеджмент жүйесiндегi сапа, оның мақсаты мен мiндеттерi, сондай-ақ, саланы реттейтiн нормативтi база туралы ақпараттарға қанықты. Менеджмент жүйесiндегi сапа қағидаларын сақтау үшiн құрылған «СТ РК ИСО 9001:2015 талаптары», өндiрушiнiң өнiмдерiн ұсына бiлуi,тұтынушылардың талаптарын орындаудың маңыздылығы да сөз болды.

Облыстық сауда-өнеркәсiп палатасы — коммерциалық ұйымға жатпайтын, өңiр кәсiпкерлiгiн дамыту үшiн жағдай жасауды көздейтiн мекеме. Осы мақсатта ұйым солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлерге жан-жақты көмек көрсету шараларына ұйытқы болуда.

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2018 09:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2019 17:49

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Тамыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+