«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сауда бойынша статистика

«Қазпочта» АҚ — электрондық коммерция нарығын дамытудың негізгі драйверлерінің бірі

Электрондық сауданы дамыту қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын дамытуға, көлеңкелі айналымды қысқартуға ықпал ететін және мамандандырылған электрондық алаңдарды құру есебінен отандық тауарларды шетелдік нарыққа жылжыту үшін жағдай жасайтын халықаралық саудаға интеграциялау үшін жоғары әлеуеті бар ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның электрондық сауда нарығының жалпы көлемі 300 млрд. теңгені құрады. Интернет сатып алушылар саны 2,32 млн.адамды құрап, нарықта 1 700-ден астам интернет дүкен табысты жұмыс істеп келеді. Салық жеңілдіктерін алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде 477 бизнес-субъект тіркелді.

«Қазпошта» АҚ (бұдан әрі — қоғам) электрондық коммерция нарығын дамытудың негізгі драйверлерінің бірі бола отырып, PayPost тауарды жеткізу модулімен біріктірілген төлемдерді қабылдау, посылкаларды постаматтар мен супермаркеттерге жеткізу, e-commerce нарығының ойыншылары үшін қоймалық басқару жөніндегі қызметтер және басқалар сияқты барлық қажетті сервистерді ұсынады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда интернет желісінің жаһандық алаңында интернет-дүкендер жеке танымалдыққа ие. Онлайн-сатып алулар оңай және таңдау ауқымы кеңейтіледі. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша электрондық коммерция шеңберінде экспорттық-импорттық әлеуетті дамытудың үлкен қажеттілігі бар, яғни тауар өндірушілердің басқа елдердің нарықтарына шығуы. Осыған байланысты Қоғам бірқатар жаңа жобаларды (қоса беріліп отыр) іске асыруда, олар Қазақстанның экспорттық-импорттық әлеуеті өсуінің және электрондық сауда нарығын дамытудың драйвері болады.

«Қазпочта» АҚ-ның жүзеге асырылатын жобалар:

Фулфилмент-орталығы.

Фулфилмент-орталық — бұл өз бизнесінің географиясын кеңейтуге ниет білдірген интернет-дүкен иелері мен кәсіпкерлерге арналған қызметтер кешені. Фулфилмент тауарларды қабылдау, сақтау, жинақтау, орау және жеткізу бойынша процестерді қамтиды, осылайша логистикадағы уақыт пен ақшаны үнемдейді.

Бүгінгі күні үш фулфилмент орталығы жұмыс істейді:

Алматы қ. — «Оңтүстік» хабының базасында оңтүстік және шығыс өңірді жабу үшін»;

Астана қ. — Солтүстік және орталық бөлікті жабу үшін, бұл орталық Астана-Қарағанды тас жолында «Север»хабының қойма ғимаратында ашылған.

Ақтөбе қ. — «Батыс» өңірлік хабының базасында Батыс қалаларын жабу үшін.

Аталған орталықтар кәсіпкерлер үшін операциялық шығындарды қысқартуға, өңделетін сәлемдемелер санын ұлғайтуға, Қазақстан бойынша жеткізу мерзімін 15 күннен 6 күнге дейін және белгілі бір бағыттар бойынша экспресс почтамен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Direct Mail.

«Direct Mail» жобасы — бұл «Қазпочта» АҚ клиенттеріне Қазақстан Республикасының аумағында адрестік және жарнамалық өнімдерді жіберу үшін таргеттелген аудиторияны таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Басты ерекшелігі-нақты сатуға бағытталған. Тікелей пошта жарнамасында клиенттер шешім қабылдайтын бір нақты сөйлеммен танысады.

Мақсаты мен міндеттері:

  1. шағын және орта бизнеске тікелей маркетинг саласындағы кешенді шешім беру
  2. қазақстандық компаниялардың маркетингтік бюджетіне клиентпен коммуникациялардың жаңа арнасын» қосу»

Кімге қызықты:

  • B2B және B2C сегменттеріне бағытталған заңды тұлғалар.

Е-коммерц орталықтары және экспорт мектебі.

Бизнестің электрондық коммерцияда құзыретін арттыру үшін «Қазпочта» АҚ базасында онлайн сатылымдарды, төлем құралдарын, логистиканы дамыту және «кілтке»интернет-дүкендерді құру бойынша ШОБ құзыретін арттыру бойынша қызмет көрсететін Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында электрондық коммерция орталықтары (Е-cоммегсе орталықтары) ашылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 10 семинар өткізіліп, 1500-ден астам ШОБ өкілі электрондық бизнесті ашу мен жүргізудің базалық дағдыларына оқытылды.

E-commerce орталықтарында кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру үшін «кілтке» интернет-дүкендерін құру бойынша 1 300 қызмет көрсетілді, сондай-ақ ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Шымкент қаласында E-commerce орталығын ашу жоспарлануда.

Электрондық коммерция орталықтарының базасында кәсіпкерлерді жаһандық интернет-алаңдарда тауарларды сату үшін дағдылар мен процестерге оқыту бойынша экспорт мектептері ұйымдастырылды ebay.com, etsy.com ескерту.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тауар экспорты бойынша семинарлар ұйымдастырылды, онда қазақстандық ШОБ өкілдері жиналды (250-ден астам адам). EBay, etsy сату, тауарлар логистикасы (кедендік мәселелер) бойынша тақырыптар ұсынылды. Семинарда тауарларды сату және жылжыту үшін тіркелген сәттен бастап осы алаңдарда қалай жұмыс істеу керектігі туралы ұсыныстар берілді. 2019 жылға Қазақстанның 9 өңірінде семинарлар өткізу жоспарланған.

Тауарларды экспортқа/импортқа (Қытай, ЕО елдері, АҚШ және т.б. елдер) жылжыту бөлігінде отандық тауар өндірушілермен іскерлік қатынастарды жолға қоюға жәрдемдесу.

Солтүстік Қазақстан облысының көтерме сауда кәсіпорындары 
Азық-түлік тауарлары

«Сигма-Импорт» ЖШС 
Жармалар, «Слобода», «Алтын май», «Солнечное» сауда маркаларының өсiмдiк майы, шырындар, ет және сүт консервiлерi
Петропавл қ., Явленка тас жолы к., 2, тел. +7(7152) 53 51 61, 535865
e-mail: Tksigma69@mail.ru

ЖК Савенков В.А. 
Жармалар, макарон өнімдері, «Злато», «Золотая семечка», «Аведовъ» сауда маркаларының өсiмдiк майы, тұз
Петропавл қ., Индустриал к., 29, +7 (7152) 540205, 540505
e-mail: artstarostin@mail.ru

«Вэлта» ЖШС 
Жармалар, макарон, тұз, майонез, «Gold» сауда маркасының шырындары, консервiлер, алкогольсіз сусындар, минералды су
Петропавл қ., Әуезов к., 249, тел. +7(7152) 332929, 390922, 390920
e-mail: sekretar.velta.96@bk.ru

«Рахат» ЖШС 
Жармалар, «Баракат сауда маркасының ұны, өсімдік майы
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к. 55, тел. +7 (7152) 33 31 63
e-mail: mdmrahat@mail.rutk_mdm@mail.ru

«Евразиан фудс Корпорэйшн» АҚ ПФ 
«Шедевр» өсімдік майы, майонез, кетчуп, «Три желания» қойытылған сүт 
Петропавл қ., Совет к., 24, тел. +7(7152) 492140, 469349 
e-mail: andrey.pustovalov@efc.kz

«Прима-дистрибьюшн» ЖШС
«Ассам», «Симба», «Наурыз», «Индира» шайы, «Маслозавод№1», «Олейна» өсімдік майы
Петропавл қ., Шәжімбаев к., 142, тел. +7 (7152) 31 31 60
e-mail: Petropavlovsk@prima-group.kz

«СКБ Север» ЖШС 
Қант, жармалар, қант, өсімдік майы
Петропавл қ., Мүсiрепов к., 1, тел. +7(7152) 515731, 515733
e-mail: Ake98@mail.ru

«Инсар» ЖШС 
Қант
Петропавл қ., Жамбыл к., 71 тел. +7(7152) 520901
e-mail: sahar71_67@mail.ru

ЖК Козлов
Қант
Петропавл қ., Ахременко к. 3 тел. +7 7152 33-38-44
e-mail: elenar61@mail.ru

ЖК Контелеев
Петропавл қ., Я. Гашек к., 3 тел. +7 7152 51-53-94, 50-24-78
e-mail: kontileev1@mail.ru

ЖК Крылова Ю.С. 
Жармалар, «Заречное» маркасының өсімдік майы, шырындар 
Петропавл қ., Әуезов к., 247а, тел. +7(7152) 61 92 66
e-mail: hutorok81@mail.ru

«Сат–сентрал Азия трейдинг» ЖШС ПФ
Өсімдік майы, шай
Петропавл қ., Универсал к., 1а, тел. +7 7152 31-29-80
e-mail: turkuazpetro@gmail.com

«Квик Стар» ЖШС
«Наше молоко», «Мумуня» сауда маркаларының өңделген сүті, «Натура», «Либелла» суда маркаларының шырындары, «Бета», «Байджи» шайы
Петропавл қ. Универсал к., 7, +7 (7152) 50 13 10
e-mail: kvik.star@mail.ru

«Активайс-Nord» ЖШС
Тағамдық қоспалар, қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін дәмдеуіштер, Магнитогорск қ. «Ситно» тауықтары
Петропавл қ., Жабаев к. 237, тел. +7 (7152) 42-53-34
e-mail: vitas14@yandex.ru

«Сұлтан маркетинг» ЖШС
«Сұлтан» сауда маркасының макарон өнімдері, жармалар
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 2, тел. +7 (7152) 46 40 08
e-mail: Petropavlovsk@sultanmarketing.kz

«Масло-Дел Трейд» ЖШС филиалы
Өсімдік майы, маргарин, сүт өнімдері
Петропавл қ., Әуезов к., 266, тел. +7 (7152) 54 05 07, 54 05 08
e-mail: dir_predstav@maslodel.kz

«Миланд» ЖШС АК Петропавл филиалы»
Сүт өнімдері
Петропавл қ., Универсал к., 1а, +7 7152 42-26-93, 42-26-91 
е-mail: pet@agroproduct.kz

«Алхор» ЖШС
Шай, шырындар, «Боржоми», «Есентуки» минералдысу, «Айналайын» суті, «Globul плюс» консервіленген өнім
Петропавл қ., Жабаев к., 3 тел. +7 7152 53-58-91, 53-60-10
е-mail: too_alhor@mail.ru

«Айна» сауда үйі» ЖШС 
Петропавл бройлер фабрикасының тауықтар, тауық саны еті және тауық өнімдері
Петропавл қ., Мүсірепов к.,35 тел. +7 7152 39-00-82

Саланың жағдайы туралы жалпы мәлiмет

Сауда

Солтүстiк Қазақстан облысында шамамен 5403 сауда объектiсi бар, 31 сауда базары жұмыс iстейдi.

2018 жылғы қаңтар-маусым шұғыл деректерi бойынша бөлшек сауданың көлемi 98722,3 млн. теңгенi құрады, бұл 2017 жылдан 7,2%-ға жоғары.

Азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда жалпы көлемiндегi үлесi 30,8%-ды, азық-түлiк емес тауарлар — 69,2% құрады.

2018 жылғы қаңтар-маусым көтерме сауда көлемi 149708,8 млн. теңгенi құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңiнен 26,1%-ға жоғары.

2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша бөлшек және көтерме саудадағы тауар қорының көлемi 40 710,2 млн. теңгенi құрады, оның 79%-ы көтерме саудада шоғырланған. Көтерме сауда қоймаларында және бөлшек сауда желiсiнде тауар қорларымен қамтамасыз ету деңгейi тиiсiнше 102 және 61 сауда жасау күндерiн құрады.

2018 жылғы қаңтар-маусым кесіндісіндегі бөлшек сауда

  Бөлшек тауар айналымының көлемі
(млн. тенге)
Нақты көлем индексі, 
%
Солтүстік Қазақстан облысы 98 722,3 107,2
Петропавл қ. 70 856,4 108,8
Айыртау 1 871,1 103,7
Ақжар 967,2 100,7
М. Жұмабаев 1 614,9            106,1
Есіл 1 239,8 100,0
Жамбыл 1 693,2 106,0
Қызылжар 3 089,4 110,6
Мамлют 1 938,0 100,1
Шал ақын 1 427,4 101,4
Аққайың 1 158,5 102,1
Тайынша 3 469,6 106,8
Тимирязев 988,6 100,3
Уәлиханов 1 218,5 103,9
Ғ. Мүсірепов ат. 7 189,9 100,5

«Сауда Үздiгi» республикалық конкурсы

«Сауда Үздiгi» конкурсы республикада 2002 жылдан бастап сауда кәсiпорындарының қызметiн жақсартуға жәрдемдесу үшiн өткiзiлiп келедi.

Конкурстың басты мақсаты — сауда кәсiпорындарының табысты тәжiрибесiн айқындау және тарату, жағымды имидж қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы сервис және қызмет көрсету сапасын көтеру.

Жеңiмпаздар мына номинациялар бойынша марапатталады: «Ең үздiк бөлшек сауда кәсiпорны», «Ең үздiк көтерме сауда кәсiпорны», «Ең үздiк сауда базары», «Ең үздiк сауда-ойын сауық орталығы, кешенi, сауда үйi».

Жеңiмпаздарды министрлiктер мен әкiмдiктер өкiлдерiнен тұратын республикалық ведомствоаралық байқау комиссиясы анықтайды.

Солтүстiк Қазақстан облысынан жеңiмпаздар

«Сауда Үздiгi» республикалық конкурсы

2012 жылы

Аталған конкурстың Гран-При иегерi болып Солтүстiк Қазақстан облысының «Алтын Адал» ЖШС («Алтын Арман» базары) атанды.

2013 жылы

«Ең үздiк сауда базары» номинациясында «Тайга» сауда-базар кешенiне 1-шi орын берiлдi.

«Ең үздiк көтерме сауда кәсiпорны» номинациясында «ВЭЛТА» ЖШС 3-шi орынға ие болды.

2014 жылы

«Ең үздiк сауда-ойын-сауық орталығы, кешен, сауда үйi» номинациясында «Рахмет» әкiмшiлiк-сауда орталығына («Lease Realty Group» ЖШС) 3-шi орын берiлдi.

2015 жылы

«Ең үздiк сауда кешенi» номинациясында «Алтын Адал» ЖШС («Алтын Арман» базары) жеңiмпаз деп танылды.

2016 жылы

«Ең үздiк сауда-ойын-сауық орталығы, кешен, сауда үйi» номинациясында «Рахмет» әкiмшiлiк-сауда орталығына («Lease Realty Group» ЖШС) 1-шi орын берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 16:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.04.2019 17:50

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»www.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+