«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсiпкерлiкті дамыту статистикасы

Саланың жай-күйi туралы жалпы мәлiметтер

2019 жылғы 1 қаңтарда облыстағы шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын субъектiлер саны 28969 бiрлiктi немесе өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 105,0% құрайды.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы өнiм шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 370615 млн. теңгенi құрайды.

ШОК жұмыспен қамтылғандардың 2018 жылғы 1 қарашадағы саны 106065 адамды құрайды.

ҚР статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес 2017 жылы СҚО бойынша ЖӨӨ-дегi ШОК субъектiлерiнiң қызметтiк үлесiн бағалау 25,4% ды құрайды.

Облыста кәсiпкерлiк саласындағы субъектiлердiң мүдделерiн қорғау мен iлгерiлету мақсатында қоғамдық бiрлестiктер желiсi дамуда, әкiмдiктер жанында кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi Сараптамалық кеңестер жұмысы жүзеге асырылуда (жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын құқықтық нормативтiк актiлердiң жобаларына сараптамалық қорытындылар жасауға қатысады).

Облыста «қоғамдық қабылдау» жүргiзiледi, «дөңгелек үстелдер», кездесулер, семинарлар және кеңестер жүйелi түрде өткiзiлiп отырады. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң мәселелерi тұрақты түрде БАҚ, Facebook, Twitter әлеуметтiк желiлерiнде, СҚО Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының сайтында жарияланып отырады.

2018 жылы «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 2,028 млрд. теңге, оның iшiнде субсидиялауға 1,802 млн. теңге (кешендi жоспар шеңберiнде — 900 млн. теңге), кепiлдiк беруге 210 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға 16 млн. теңге бөлiндi.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 122 жоба қолдау тапты, оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялауға 7,1 млрд. теңге кредиттiк портфель сомасына 64 өтiнiм, 1 млрд. теңге кепiлдiк сомасына 49 жобаға кепiлдiк беру бойынша, 16 млн. теңге сомасына 6 жобаны гранттық қаржыландыру бойынша мақұлданды, жетiспейтiн инфрақұрылымды жүргiзуге 3 жоба қолдау тапты.

2019 жылы Бағдарламаны iске асыруға 1 128 млн. теңге бөлiндi.

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 10:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.02.2019 12:01

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+