«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Конкурстар және семинарлар

Солтүстiк Қазақстан облысында «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алты кәсiпкер мемлекеттiк гранттардың иегерлерi болды

2018 жылы 25 маусым мен 24 шiлде айында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасымен «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елдi мекендердiң кәсiпкерлерi үшiн экономиканың басым секторларындағы және өңдеушi өнеркәсiп салаларында жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн өтеусiз және қайтарымсыз негiзде салалық шектеусiз мөлшерде 3 млн. теңгеге дейiн мемлекеттiк гранттар ұсыну бойынша конкурсқа өтiнiмдердi қабылдау жүргiзiлдi. Барлығы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң 45 өтiнiмi түстi.

2018 жылы 6-7 тамызда Конкурстық комиссия отырысы өткiзiлдi.

Отырыс қорытындысы бойынша, Конкурстық комиссия жалпы сомасы 16 млн. теңгеге 6 жобаны мақұлдау туралы шешiм қабылдады:

ЖК «Imantau Marine Club» (Айыртау ауданы) «Имантауда желкендi спортты ұйымдастыру» жобасы бойынша;

ЖК «Ташимова Р.С.» (Ақжар ауданы) «Жиналатын және қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау үшiн жүк автокөлiгiн сатып алу» жобасы бойынша;

ЖК «Ердес Нан» (Уәлиханов ауданы) «Тандыр нан, кафетерий мен аспаздық» жобасы бойынша;

ЖК «ЫРЫС» (Петропавл қ.) «САЛ ауруына шалдыққан балаларға арналған жиһаз өндiрiсi (жаттығу)» жобасы бойынша;

ЖК «Шукеев А.К.» (Петропавл қ.) «Agro Soil Company М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетi негiзiнде» жобасы бойынша;

ЖК «BASHAROV» (Петропавл қ.) «Производство детских кроватей из натурального дерева» жобасы бойынша.

Жобаларды iске асыру барысында кәсiпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашуды, салық төлемдерiн, өнiмдер өндiру мен қызметтердi ұлғайту жоспарлап отыр.

Конкурстық комиссия отырысы

2018 жылы 6-7 тамызда СҚО бойынша «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ ӨФ оқу залында «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттар алуға үмiткер шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына өтiнiмдердi iрiктеу жөнiндегi Конкурстық комиссия отырысы өткiзiлдi. Күн тәртiбiне сәйкес облыс аудандары мен Петропавл қаласы кәсiпкерлерiнiң жобалары қаралды.

  • Конкурстық комиссия отырысы
  • Конкурстық комиссия отырысы
  • Конкурстық комиссия отырысы
  • Конкурстық комиссия отырысы

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz; zh.konkarova@sko.gov.kz

байланыс телефоны 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2018 жылғы «25» маусымнан бастап 2018 жылғы «24» шiлде аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2018 жылғы «25» маусымнан сағат 10:00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2018 жылғы «24» шiлде сағат 13:00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

  • Жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде өңдеушi өнеркәсiп салаларында iске асыру үшiн 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
  • Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның iшiнде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның мiндеттi шарты болып табылады.
  • «БЖК-2020» Бағдарламаның және/немесе Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың болуы.

Талап етiлетiн құжаттар Zip (112 Kb)

СҚО-да «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы бойынша жетi кәсiпкер мемлекеттiк грант иегерi

2017 жылы 12 маусым мен 11 шiлде айында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасымен «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде моноқалалардың, шағын қалалардың және ауылдық елдi мекендердiң кәсiпкерлерi үшiн экономиканың басым секторларындағы және өңдеушi өнеркәсiп салаларында жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн өтеусiз және қайтарымсыз негiзде салалық шектеусiз мөлшерде 3 млн. теңгеге дейiн мемлекеттiк гранттар ұсыну бойынша конкурс өткiзiлдi.

Конкурстық комиссия шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 45 өтiнiм қарастырды. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы 16 млн. теңге сомасына 6 жоба құпталды:

ЖК «Шмалько Е.С.» «Асыл тұқымды шиншилларды өсiру үшiн асыл тұқымды ферманы құру» жобасы бойынша;

ЖК «Султанова О.П.» «Вешенка» саңырауқұлақтарын өсiру» жобасы бойынша;

ШҚ «Асем» «Инновациялық жемшөп қоспаларын шығаратын шағын цехты ұйымдастыру» жобасы бойынша;

ЖК «Саяжан» «Балалар мерекесiн ұйымдастыру, балалар кафе қызметi, қуыршақ театрларының қызметi»;

«Добрая компания» ЖШС «Балық шаруашылығы кешенi» жобасы бойынша;

ЖК «Кутняк Андрей Иванович» «Тыңайтқыш сығындысын өндiру, қоспаларды жақсарту, топырақты, жер топырақтарының әмбебап барлық өсiмдiктер түрлерi үшiн» жобасы бойынша.

Өз iсiнiң ашылуы жаңа жұмыс орындарын құруға, өнiм өндiрiсiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi, бұл Солтүстiк Қазақстан облысының экономикасы дамуында оң әсерiн тигiзедi.

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттарды ұсынуға (жеке бизнесiн құруға) арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ
Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;
пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;
электрондық пошта мекенжайы: a.dairov@sko.gov.kz; zh.konkarova@sko.gov.kz;
байланыс телефоны 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурсқа қатысудың мiндеттi шарттары Бағдарлама шеңберiнде оқыту құрауыштары сертификатының болуы және кәсiпкердiң оны iске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде, оның iшiнде жеке мүлкiмен бiрлесiп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бiр кәсiпкер үшiн ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Кәсiпкердiң аумақтық тиесiлiгне орай конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру орны: аудандық және Петропавл қ. кәсiпкерлiк бөлiмдерi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2017 жылғы «12» маусымнан 2017 жылғы «11» шiлдеге дейiн жұмыс күндерi сағат 10:00-ден 17:00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «12» маусымда сағат 10:00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «11» шiлдеде сағат 13:00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды.

Қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. гранттар беру бойынша конкурстық iрiктеуге қатысуға өтiнiм;
  2. заңды тұлғаны (дара кәсiпкердi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
  3. өтiнiш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын берiлген бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң жоқ екенi туралы анықтама;
  4. өтiнiм берiлген кездегi жалдамалы жұмыскерлердiң орташа саны туралы басшының қолымен және өтiнiш берушiнiң мөрiмен (болған жағдайда) расталған анықтама;
  5. бизнес-жоба;
  6. Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
  7. кәсiпкердiң ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екенi туралы банк шотынан үзiндi көшiрме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжаттар;
  8. кәсiпкердiң атынан өтiнiм беру құқығына сенiмхат, сенiм бiлдiрiлген адам төлқұжатының көшiрмесi (заңды тұлғаның атынан — заңды тұлға растаған).

Көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнде құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

Өтінім.

«Даму» семинар

Бизнестi дамыту бойынша әрекеттi мемлекеттiк қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және бизнестi жүргiзудiң өзектi мәселелерiн жарықтандыру, кәсiпкерлiктiң даму проблемаларын және келешегiн талқыласу мақсатында «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ-мен 22-24 мамыр аралығында Ғ. Мүсрепов, Шал ақын, Мамлютка, Жамбыл, Айыртау, Тимирязев аудандарына Жұмыс тобының көшпелi семинарлары өткiзiлдi.

Жұмыс тобының құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпкерлер палатасының, «Аграрлық кредиттiк корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қорғау қоры», «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры», «ҚазАгроФинанс», Екiншi деңгейлi банктер, кредиттiк қауымдастықтар филиалдарының, Прокуратураның өкiлдерi енгiзiлдi.

«Бизнес жол картасы 2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасына, Өнiмдi жұмыстылықты және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына, ҚазАгро Бағдарламаларына қатысу механизмдерi мен талаптары, қаржылық емес қолдау шаралары, бизнестi құқықтық қорғауы жарықтандырылды, «Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау шаралары» брошюралары таратылды, жеке консультациялар жүргiзiлдi.

Семинарларда шамамен 250 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, сонымен бiрге кәсiпкерлiк ынталары бар тұлғалар қатысты.

«Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар «Даму» семинар

«Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?»

2017 жылдың 11-12 мамырында СҚО бойынша «Даму» ОҚ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ қолдауымен «Жастар СӨС үшiн» ЖҚБ-мен «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» атты облыстың кәсiпкерлiкке ынтасы бар хылқы мен бастамашы кәсiпкерлерiне арналған екi күндiк оқу семинары өттi.

Семинардың басты мақсаты — нарықтық экономикада кәсiпкерлiктiң қаншалықты өзектi екендiгiн көрсету, кәсiпкерлiк қызметтiң «қыр-сырымен» таныстыру және оның басты ережелерiн қарастыру.

Семинардың 11 мамыр б.ж. алғашқы күнi лекциялық сабақтар барысында қатысушылар арасында кәсiпкерлiк қызметтiк нысандары, бизнестi сегменттеу, әлемде және Қазақстанда кәсiпкерлiктiң нысандары, салық режимiн таңдау, салықтық есеп беру тақырыптары кең талқыланды. Өткен материалдар бойынша семинардың қатысушылары бизнес-тренерлерге қызықтыратын сұрақтарын қойды.

12 мамыр б.ж. семинардың екiншi күнi топ болып практикалық сабақтар өттi. Кәсiпкерлiк қызметте кең талқыланатын сұрақтар қойылды. Әр сұрақтан кейiн топтар өз шешiмдерiн шығарды.

Одан әрi өткен материалдар бойынша сауалнама өттi.

Екi күндiк семинар-тренингтiң соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Аталмыш оқу семинар жаңа тиiмдi бизестi бастау үшiн үлкен теориялық және практикалық жәрдем бердi.

Семинар-тренингте СҚО бойынша «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшiлер сөз сөйледi. Семинарға облыс аудандарынан және Петропавл қ. 20 аса адам қатысты.

«Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?»

Бару семинарлары

2017 жылы 15 наурызда «Даму» Қорының кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнестiң жол картасы-2020» бiрыңғай бағдарламасы және «Қазагро» ҰБХ бизнестi қолдау және дамыту ауыл шаруашылығы саласында бағдарламалары бойынша тұсаукесерi өттi. Бизнестi қолдау мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру шарттары мен тетiктерiн, халыққа және кәсiпкерлiк ортаның өкiлдерiне түсiндiру Солтүстiк Қазақстан облысыәкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы СҚО бойынша «Даму» Қорымен бiрлесiп ұйымдастырылған.

Бару семинарлары Бару семинарлары

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 09:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.09.2018 16:21

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2018 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+