«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ақпараттық қолдау

Бизнестi жауапты жүргiзу бойынша Ұлттық байланыс орталығы

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрi — ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетiнiң қауымдастырылған мүшесi болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсiпорындары туралы декларациясына 48-шi ел болып қосылды.

ЭЫДҰ Инвестициялық Комитетiне қосылуы аясында Қазақстан Үкiметi өз алдына бiрқатар мiндеттемелердi алды, соның iшiнде ЭЫДҰ-ның Көпұлтты кәсiпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрi — Басқару қағидаттары) сәйкес бизнестi жауапты жүргiзудiң қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрi — ҰБО (ZIP 4832 Kb)).

Инвестициялардың арқасында компания / инвесторлар (бұдан әрi — кәсiпорындар) елдегi экономикаға өндiрiстiк капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсiмдерi түрiнде елеулi пайда әкеледi.

Сонымен қатар, мұндай компаниялардың / инвесторлардың қызметiне байланысты қоғамдық мәселелер туындайды және бұл мәселелердiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салаларда халық пен қоғам үшiн жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттары елдегi және халықаралық құқыққа сәйкес бизнестi жауапты жүргiзудiң ерiктi принциптерi мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелердi шешуге көмектеседi.

Басқару қағидаттары көп жақты негiзде бекiтiлген жан-жақты қамтылған тәртiптiк кодекс болып табылады. Атап айтқанда, кәсiпорындар жұмыс iстейтiн қоғамдарда (оның iшiнде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық салдарға байланысты әлеуметтiк мәселелер қарастырылады және жауапты бизнестi насихаттау үшiн бизнестiң маңызды құрылымын қамтамасыз етедi.

Басқару қағидаттарына үкiметтер тарапынан қолдау көрсетiлуiне қарамастан, Басқару қағидаттары ерiктi болып табылады және ұлттық заңдарға үстемдiк етпейдi. Басқару қағидаттары көпұлтты кәсiпорындар мен отандық кәсiпорындар арасындағы қарым-қатынастардағы айырмашылықтарды енгiзуге арналмаған — олар кез келген жерде жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорындар үшiн үздiк тәжрибенi көрсетедi.

Басқару қағидаттары ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсiпорындар туралы Декларациясының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Басқару қағидаттарын тарату шеңберiнде ҰБО құрылады.

Ұлттық байланыс орталығы — бұл Басқару қағидаттары бойынша жауапты бизнес жүргiзу қағидаларын бұзатын кəсiпорындардың iс-əрекеттерiне немесе əрекетсiздiктерiне қатысты жұртшылықтың / қоғамның шағымдарын қараудың ерiктi, санкциясыз механизмi.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келiсiмге қол жеткiзу жолдары мен келiсiмдердi қалыптастыру үшiн тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Кəсiпорын қызметi немесе әрекетi Басқару қағидаттарына сəйкес емес деп санайтын кез-келген адам, ұйым немесе қауымдастық (мүдделi тараптар) тиiстi елдiң тиiстi ҰБО-ына нақты iстi қарауға ресми өтiнiш беруi мүмкiн.

ЭЫДҰ алдындағы мiндеттемелердi орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi Қазақстан Республикасының ҰБО-сы (2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы) тағайындалды, бұған дейiн осы қызметтi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестиция комитетi жүзеге асырды.

Бұдан басқа, ҰБО-ның шағымдары мен өтiнiштерiн қарау кезiнде ҰБО-нiң алқалы көмекшi органы ретiнде ҰБО-ның жұмыс тобы құрылды (ИДМ-нiң 2017 жылғы 12 қазандағы № 696 бұйрығы).

Жұмыс тобының құрамына Инвестициялар және даму министрлiктерiнiң, халық шаруашылығының, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, энергетика, бiлiм және ғылым, iшкi iстер, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы Атамекен, үкiметтiк емес ұйымдар және кәсiподақтар өкiлдерi кiрдi.

Жұмыс тобы жиналыстары қажеттiлiгi бойынша ұйымдастырылады.

СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасының ақпараттық технологияларды қолдану жөнiндегi 2014 жылға арналған iс-шаралар жоспары

Іс-шара Орындау мерзімі Жауаптылар
1 «Интегро» электрондық құжат айналымы жүйесі» АЖ-ға ай сайын ілесуді қамтамасыз ету Жыл бойы Әкімшілік бөлім
2 «Интегро» ИАС мәліметтер базасын уақытылы толтыру және өзектілендіруді қамтамасыз ету Ұдайы Басқарма бөлімдері
3 upt.sko.kz басқарма веб-сайтындағы ақпаратты жаңарту және жұмысын қамтамасыз ету Ұдайы Әкімшілік бөлім
4 Басқарма веб-сайтындағы «Виртуалды қабылдау» және «Басқарма басшысының блогы» бөлімдерінің жұмысын қамтамасыз ету Ұдайы Басқарма бөлімдері
5 Қөліктік орта негізінде МОИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету Ұдайы Әкімшілік бөлім
6 МО МОИП-тағы «МО анықтамалығы» (Мекенжай кітапшасы) модулін өзектендіру Ұдайы Әкімшілік бөлім
7 Жоғары тұрған орган арқылы келіп түскен НҚА-ларды келісу Қажет болуына қарай Басқарма бөлімдері
8 Интернет-ресурста басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін орналастыру Бекітілуіне қарай Кәсіпкелікті қолдау бөлімі, туризмді дамыту бөлімі
9 Жүзеге асырылатын функцияларды автоматтандыру мәніне талдау және функцияларды автоматтандыру АЖ орнату Ұдайы Басқарма бөлімдері
10 Ақпараттық жүйелер мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды Ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу Ұдайы Әкімшілік бөлім
11 «Е-лицензиялау» АЖ-да лицензиялар беру Ұдайы Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі
12 Басқарманың интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу Ұдайы Басқарма бөлімдері
13 Интернет-ресурс тарауларын ақпаратпен толықтыру, беттерді бір уақытта және толық көлемде әр түрлі тілдік нұсқаларда жаңарту және толықтыру Ұдайы Басқарма бөлімдері
14 Сайтта басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін орналастыру Ұдайы Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі, туризмді дамыту бөлімі
15 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» ҚР Заңы мен «Электрондық құжат айналымы жүйесі» ҚР Үкіметінің қаулысын зерделеу жөніндегі жаппай құқықтық оқуды өткізу қараша Әкімшілік бөлім
16 Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша үйретуші семинарларға қатысу Жыл бойы Басқарма бөлімдері
17 Облыс әкімдігіне электрондық құжат айналымы жұмысы туралы ақпарат Тоқсан сайын Әкімшілік бөлім

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 16:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.10.2018 16:53

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Желтоқсан 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2018 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+