«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сараптамалық кеңестер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес туралы Ереже

Кәсiпкерлiк мәселелерiн қарау үшiн құрылған жұмыс топтары мен кеңестер туралы ақпарат

Өңiрде кәсiпкерлер мүддесiн қорғау және жылжыту мақсатында қоғамдық бiрлестiктер желiсi дамып келедi. Қазiргi кезде облыста кәсiпкерлердiң 33 бiрлестiгi құрылған. Кәсiпкерлер облыстық, қалалық және аудандық қауымдастықтар — аумақтық белгi бойынша қалай бiрiксе, солай құрылысшылар, фармацевтикалық және стоматологиялық ұйымдар, шаруа қожалықтары, автотасымалдаушылар, мейрамхана мен мейманхана иелерiнiң қауымдастықтары — салалық белгi бойынша да тiркеледi. Осы бiрлестiктер арқылы өңiрдiң шаруашылық етушi құрылымдары кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңнамалық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi жұмысқа тартылады.

Облыс аудандарында кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеудi өткiзу және әкiмдiктер жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестер құру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылуда. Қазiргi кезде облыс, аудандар (Айыртау, Аққайың, Ақжар, Есiл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғ. Мүсiрепов, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын) және Петропавл қ. әкiмдiктерi жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi 14 сараптамалық кеңес құрылды. Облыстық сараптамалық кеңес құрамына «Солтүстiк Қазақстан Фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ, «Солтүстiк Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясы» ЗТБ, «СҚО автокөлiк одағы» ассоциациясы» ОЖК және ЗТ — жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң 3 бiрлестiгi кiрдi. Сонымен қатар сараптамалық кеңес құрамына СҚО Өңiрлiк кәсiпкерлiк палатасы кiрдi.

Осы кеңестер жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобасына сараптамалық тұжырымдама жасауға қатысады. 2018 жылы 1 мамырына Солтүстiк Қазақстан облысының сараптамалық кеңесi 80 отырысын өткiздi, соның iшiнде нормативтiк құқықтық актiнiң 82 жобасын (әкiмдiк қаулысы, мәслихат шешiмi) қарап, оларға сараптамалық тұжырымдама бердi.

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 10:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 10:29

Басқармасы басшысы
Құралай Амангелдiқызы Жарова

Подать резюме

«EXPO-2017 — Болашақ энергиясы»
Шілде 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан – Ұлы Дала Елі

@2019 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

A- A A+