Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || ҮЕҰ-дармен өзара іс-қимыл

ҮЕҰ-дармен өзара іс-қимыл

Басқарма мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде келесi iс-шараларды өткiздi:

2017 жылы

«Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?»

2017 жылдың 11-12 мамырында СҚО бойынша «Даму» ОҚ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ қолдауымен «Жастар СӨС үшiн» ЖҚБ-мен «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» атты облыстың кәсiпкерлiкке ынтасы бар хылқы мен бастамашы кәсiпкерлерiне арналған екi күндiк оқу семинары өттi.

Семинардың басты мақсаты — нарықтық экономикада кәсiпкерлiктiң қаншалықты өзектi екендiгiн көрсету, кәсiпкерлiк қызметтiң «қыр-сырымен» таныстыру және оның басты ережелерiн қарастыру.

Семинардың 11 мамыр б.ж. алғашқы күнi лекциялық сабақтар барысында қатысушылар арасында кәсiпкерлiк қызметтiк нысандары, бизнестi сегменттеу, әлемде және Қазақстанда кәсiпкерлiктiң нысандары, салық режимiн таңдау, салықтық есеп беру тақырыптары кең талқыланды. Өткен материалдар бойынша семинардың қатысушылары бизнес-тренерлерге қызықтыратын сұрақтарын қойды.

12 мамыр б.ж. семинардың екiншi күнi топ болып практикалық сабақтар өттi. Кәсiпкерлiк қызметте кең талқыланатын сұрақтар қойылды. Әр сұрақтан кейiн топтар өз шешiмдерiн шығарды.

Одан әрi өткен материалдар бойынша сауалнама өттi.

Екi күндiк семинар-тренингтiң соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Аталмыш оқу семинар жаңа тиiмдi бизестi бастау үшiн үлкен теориялық және практикалық жәрдем бердi.

Семинар-тренингте СҚО бойынша «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшiлер сөз сөйледi. Семинарға облыс аудандарынан және Петропавл қ. 20 аса адам қатысты.

2016 жылы

Кәсiпкерге бизнесiн дамыту үшiн көмек

Облыстық сауда-өнеркәсiп палатасы кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басын қосып, «Кәсiпкерге бизнесiн дамыту үшiн көмек» тақырыбында семинар өткiздi.

Аталмыш шара облыстық кәсiпкерлiк және туризм басқармасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Семинарға орта және шағын кәсiпкерлiктiң 25 өкiлi қатысты.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының еңбек және салық заңнамалары, олардың талабы мен тәртiбiн терең түсiнiп, сол бағыттарда туындаған мәселелердiң шешiмдi жолдары жайында кеңестер тыңдады. Мәселен, Еңбек кодексi нормаларындағы бизнес субъектiлер үшiн аса маңызды болып табылатын еңбек келiсiмшартын жасау және бұзу, жұмыс уақыты мен еңбекақы мәселелерi бойынша заңнамалық талаптар жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жаңа салық заңнамасындағы өзгерiстер мен толықтырулар туралы, алдағы жылы көлеңкелi экономикаға қарсы тұрудың тиiмдi жолы болып табылатын электронды есепшоттың енгiзiлетiндiгi айтылды.

Қатысушылар менеджмент жүйесiндегi сапа, оның мақсаты мен мiндеттерi, сондай-ақ, саланы реттейтiн нормативтi база туралы ақпараттарға қанықты. Менеджмент жүйесiндегi сапа қағидаларын сақтау үшiн құрылған «СТ РК ИСО 9001:2015 талаптары», өндiрушiнiң өнiмдерiн ұсына бiлуi,тұтынушылардың талаптарын орындаудың маңыздылығы да сөз болды.

Облыстық сауда-өнеркәсiп палатасы — коммерциалық ұйымға жатпайтын, өңiр кәсiпкерлiгiн дамыту үшiн жағдай жасауды көздейтiн мекеме. Осы мақсатта ұйым солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлерге жан-жақты көмек көрсету шараларына ұйытқы болуда.

07.09.2017 17:57

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика