Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
  2. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы
  3. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
  4. Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
  5. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсіпкерлік және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлық стандарты

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және
туризм басқармасы» КММ
басшысымен
2018 ж. 19 қаңтарда
бекiтiлген

2018 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Р № Іс-шара атауы Өту мерзімі Жауаптылар
1 Мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының табыс және мүлік туралы жыл сайынғы декларациясын беруді ұйымдастыру және бақылау 2018 жылдың
1 тоқсаны ішінде
әкімшілік бөлім, персоналды басқару қызметі
2 Халық үшін қол жетімді жерде жайғастырылған шағым мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастыру ұдайы әкімшілік бөлім
3 Бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын «сенім телефонының» жұмысы туралы хабарландыруларды жариялаумен басқармада оның жұмысын бақылауды жүзеге асыру ұдайы әкімшілік бөлім, персоналды басқару қызметі
4 Бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын қабылдау туралы хабарландыруларды жариялаумен азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру ұдайы кесте бойынша әкімшілік бөлім
5 Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарау сапасы мен уақытылылығын арттыру мақсатында виртуалды қабылауды пайдалану. Облыстық БАҚ-тарда тоқсан сайын басқарманың виртуалды қабылауының электронды мекенжайын жариялау ұдайы әкімшілік бөлім
6 Басқармада азаматтардың өтініш-шағымдарына жауап беру сапасын және қарау мерзімін бақылауды күшейту ұдайы әкімшілік бөлім
7 Мемлекеттік қызмет көрсетілімдерінің сапасы мен мерзімін бақылауды жүзеге асыру ұдайы бизнесті қолдау бағдарламалары бөлімі, туризмді дамыту бөлімі, кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, әкімшілік бөлім
8 2018 жылға арналған басқарма қызметкерлерін құқықтық оқытудың оқу-тақырыптық жоспары шеңберінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін және басқа да нормативтік актілерді зерделеу жоспарға сәйкес басқарма бөлімдері
9 Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту мен қайта даярлауды қамтамасыз ету жыл бойы әкімшілік бөлім, персоналды басқару қызметі
10 Басқармада мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімінің мөлдірлігін қамтамасыз ету конкурс өткізу кезеңінде персоналды басқару қызметі
11 Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды
жүзеге асыру
тоқсан сайын жыл қорытындысы бойынша персоналды басқару қызметі
12 Басқармада алғаш рет мемлекеттік қызметке өткендердің ҚР ҰҚКД және Бас прокуратурасының ҚС АЕжКБ органдарында арнайы тексерілуін; ант беруін; шектеулерді қабылдауын қамтамасыз ету мемлекеттік қызметке қабылданған сайын персоналды басқару қызметі
13 Басқарма мекенжайына басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы түсетін ақпараттың мониторингін жүргізу ұдайы персоналды басқару қызметі басқарма бөлімдері
14 Басқарма қызметкерлерін облыста болып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабардар етіп тұру ұдайы кәсіпкерлікті дамыту бөлімі
15 Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету ұдайы әкімшілік бөлім
16 Басқарманың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерін қолдану мен іске асырудың ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету ұдайы әкімшілік бөлім
17 Басқарманың веб-сайтында, «Ашық деректер» интранет-порталында қызмет туралы ақпаратты жайғастыру және ұдайы жаңартып отыру ұдайы басқарма бөлімдері
18 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шараларға қатысу іс-шара өткізген сайын басшылар, басқарма бөлімдері

Басқармада 2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң нақты саны 16 адамды құрайды. Әйелдер саны — 9 адам.

Бiлiм деңгейi. Кәсiпкерлiк және туризм басқармасының кадрлық құрамы — жоғары бiлiмдi мамандар. Басқарма мемлекеттiк қызметшiлерiнiң 5-еуiнiң бiреуден артық жоғары бiлiмi бар. Үш қызметкердің жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (магистратура) бар, соның ішінде олардың біреуі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттiк басқару Академиясында оқыған.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi. Басқарма қызметшiлерiнiң орташа мемлекеттiк қызмет өтiлi 5 жылдан астамды құрайды, орналасқан лауазымдағы орташа еңбек өтiлi — 1,7 жыл.

Басқарма қызметкерлерiнiң орташа жасы 34,4-тi құрайды.

Бiлiктiлiктi арттыру. Басқарма қызметкерлерiнiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру жөнiндегi жұмыс ұдайы жүргiзiлiп отырады. 2017 жылы 8 қызметкер оқытылды, оның iшiнде қайта даярлау курстарында — 5 адам, бiлiктiлiкті арттыру курстарында — 3 адам. . Барлық қызметкерлер Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың өңiрлiк орталығында оқыды. 2018 жылдың басынан бір қызметшi басшы лауазымға алғаш рет тағайындалғандарға арналған курста оқып жатыр.

2017 жылғы жағдай бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жүргiзiлетiн жұмыс туралы ақпарат

Сыбайласқан жемқорлық бұзушылықты болдырмау, негiзiнен сыбайласқан жемқорлыққа себепшi болатын себептер мен жағдайлардың алдын алу, анықтау мақсатында басқарма қызметкерлерi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа алады.

Басқармада осы бағыттағы жұмыс бекiтiлген сыбайласқан жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн сақтау жөнiндегi жоспар бойынша жүргiзiледi. Аталмыш Жоспарды орындау үшiн келесi жұмыс жүргiзiлдi.

Басқарма қызметкерлерiнiң және олардың жұбайларының жыл сайынғы декларация беруiн бақылау ұйымдастырылды (мемлекеттiк қызметшiлердiң табыс туралы декларациялары уақытылы берiлдi).

Сыбайласқан құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тоқсан сайын өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында «сенiм телефоны» және азаматтарды қабылдау кестесi туралы ақпарат жарияланып тұрады. Басқарма басшы мен оның орынбасарлары азаматтар мен заңды тұлғалар өкiлдерiн жеке қабылдауды кесте бойынша жүргiзедi. 2017 жылы жағдай бойынша қабылдаудан 14 азамат өттi. Өтiнiштердiң сапасын арттыру және уақытылы қарау мақсатында виртуалды қабылдау пайдаланады. Басқарма фойесi — халық үшiн қол жетiмдi жерде орналастырған арыз-шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшiк» тұрақты негiзде жұмыс iстейдi.

Азаматтарға берiлетiн жауаптар сапасын және қарау мерзiмiн орындау мәселесi тұрақты бақылауда болып отыр. 2017 жылы жағдай бойынша 29 өтiнiш-шағым бойынша жауап ҚР заңнамасымен белгiленген мерзiмде қаралып, берiлдi.

Басқарма «Туристiк ақпарат, оның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы туритстiк ақпарат беру», «Туристтiк операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лиценизя беру», «Туристтiк маршруттар мен соқпақтар мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзiндi», «Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберiнде сыйақы мөлшерлемесiмен субсидиялауды беру», «Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберiнде кепiлдiктер беру», «Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберiнде гранттар беру», «Бизнестiң жол картасы 2020 бағдарламасы» шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң 7 регламентiн әзiрледi.

2017 жылы жағдай бойынша Басқарма жалпы 199 мемлекеттiк қызмет көрсеттi, соның iшiнде қағаз түрiнде — 196, электрондық түрде — 3. Мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгi «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде көрсетiлдi. Сондай-ақ басқарма көрсетiлетiн қызметтер бойынша iшкi бақылауды жүргiзiп отырады.

Басқарма қызметкерлерiмен кезең-кезеңмен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау жөнiндегi заңнамасымен танысу, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарымен танысу жөнiндегi құқықтық жаппай оқу өткiзiледi. Атап айтқанда, осы оқу жылы ҚР Еңбек кодексi, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңдарының бөлек мәселелерiн зерделеу жөнiндегi дәрiстер өткiзiлдi. Осы дәрiстер өткiзiлгенде тұрақты түрде әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде сыбайлас жемқорлықпен бiтiспес күрес жүргiзу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сөзсiз сақтаудың бiрiншi кезектi мiндет екендiгi айқындалып отырады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiктi арттыру мен қайта даярлау курстарында оқыту бекiтiлген кесте бойынша қамтамасыз етiледi. 2017 жылы жағдай бойынша 8 мемлекеттiк қызметшi оқытылды: басшы лауазымға алғаш рет тағайындалғандарға арналған курстар — 2 адам (Өңiрлiк оқыту орталығында). Мемлекеттiк қызметке алғаш рет қабылданғандарға арналған курстар (қайта даярлау) — 3 мемлекеттiк қызметшi. Бiлiктiлiк арттыру курстарында — 3 адам. Барлық қызметкерлер Өңірлік орталықта оқытылды.

Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» заңының талаптарына сәйкес азаматтардың әкiмшiлiк қызметке тең қолжетiмдiлiгiн, кадрларды сапалы iрiктеудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызметке конкурстық iрiктеу рәсiмiнiң мөлдiрлiгi қамтамасыз етiледi. Кандидаттармен әңгiмелесу өткiзiлгенде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгi департаментiнiң өкiлдерi мен бақылаушылар қатысады. 2017 жылы жағдай бойынша әкiмшiлiк бос лауазымдарға орналасуға 9 конкурс өткiзiлдi, әр конкурсқа байқаушылар қатысты. Конкурс нәтижелері бойынша 9 мемлекеттiк қызметшi тағайындалған. Алғаш рет мемлекеттiк қызметке өткендердiң арнайы тексерiлуiн; ант беруiн; шектеулердi қабылдауын жүргiзу мүлтiксiз және белгiленген мерзiмде қамтамасыз етiлiп отырылады.

Өткiзiлген жылдың бағалауы бойынша барлық қызметкерлер қызметi «тиiмдi» деп бағаланды.

Басқармада мемлекеттiк сатып алулар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады және порталда орналастырылады.

Бюджет қаражатын жұмсау бекiтiлген қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және басқарма сайты мен «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылады.

Ү.ж. өткен уақытында Басқарма қызметкерлерi тарапынан сыбайласқан жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу дерегi анықталған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында, с.i. негiзгi ақпараттық интернет-ресурстарда Басқарма қызметкерлерiнiң сыбайласқан жемқорлық сипатында жасалған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат пен мәлiмдемелер белгiлi болған жоқ.

Сондай-ақ осы уақытта терiс қылық бойынша қызметтен босатылған және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12, 13-баптары бойынша тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған мемлекеттiк қызметшiлер болған жоқ.

 

Мұрағат Doc (37 Kb)

30.01.2018 17:42

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика