Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Мiндеттер мен функциялар

Мiндеттер мен функциялар

Мақсаты:

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiгi және туризмiн дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру.

Мiндеттерi:

  • экономиканың басым секторларын дамыту үдерiсiнде жергiлiктi атқарушы орган мен бизнестiң өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету;
  • кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына бөгет болатын әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуға жәрдемдесу;
  • қаржыландыру көздерiнiң құралдарын және қолжетiмдiлiгiн кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына инвестиция тартуға жәрдемдесу;
  • мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
  • туризм саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • өңiрде кәсiпкерлiк инфрақұрылымды және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау жөнiндегi инфрақұрылымды дамыту мәселелерi жөнiндегi шараларды пысықтау және iске асыру;
  • тиiстi мемлекеттiк органдарға өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге ережелер, өзгерiстер мен толықтыруларды қосу туралы ұсыныстар енгiзу;
  • кәсiпкерлiктi дамыту бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу.
  • Облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;
  • басқарманың Бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, солар бойынша есептер дайындау;
  • орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық ұйымдар, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерiмен кәсiпкерлiк және туризм дамыту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
  • бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;
  • облыста Бизнестiң жол картасы 2020 мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;
  • әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасына мониторинг жасау. Жанар-жағармай материалдары бағасына мониторинг жасау;
  • басқарма жетекшiлiк ететiн облыстың экономикалық қызмет салаларының дамуын талдауды жүргiзу;
  • облыс аумағында кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған ақпараттық-консультативтiк, тұсаукесер-көрмелiк iс-шараларды өткiзу, олардың республика аумағындағы және одан тыс жерлердегi форум, конференция, слёт, фестиваль, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;
  • жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және ұдайы жаңартып отыруды қамтамасыз ету;
  • түстi және қара металл сынықтары мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру;
  • түстi және қара металл сынықтары мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларды есепке алу және осы лицензиаттардың лицензиялық ереженi сақтауын бақылау;
  • жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
  • сараптамалық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
  • жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
  • өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
  • көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • заңнамаға сай тәртiпте бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  • бейбiт уақыттағы төтенше жағдайларда және жұмылдыру мерзiмiнде облыстық сауда және тамақтандыру қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру;
  • облыс аумағында туристiк қызмет саласындағы үйлестiрудi жүзеге асыру;
  • туризмдi дамытудың өңiрлiк бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
  • туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
  • туроператорлық қызметтi лицензиялау;
  • гидтi (аудармашы гидтi) кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру;
  • туристiк саланы дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;
  • туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
  • туристiк қызметтi жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;
  • туристiк қызмет көрсету нарығын талдауды жүргiзу және уәкiлеттi органға облыс аумағында туризмнiң дамуы туралы ақпарат ұсыну;
  • облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
  • туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем ету;
  • туристiк ақпарат ұсыну, соның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы;
  • басқарманың жанынан туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құру;
  • өз құзыретi шегiнде облыста кәсiпкерлiк және туризмдi дамытуға арналған қаржы қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету;
  • бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi функциясын жүзеге асыру.

08.01.2015 15:14

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика