Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма қызметі || Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру

1. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Zip (39 Kb)

2. Үзiндi: Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол»

Бiрiншi. Шағын және орта бизнестi, сондай-ақ, iрi кәсiпкерлiктi жеңiлдiкпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсiбiндегi, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

Жетiншi. Шағын және орта бизнес пен iскерлiк белсендiлiктi қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгiнде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерiлдi. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бердi. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түстi. Бизнестi 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудiң бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар бiздiң елiмiзде бұған дейiн болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсiмнiң драйверi ретiнде дамыту және оның үлесiн 2050 жылға қарай IЖӨ-нiң 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшiн 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желiлерiн АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзiлiк банк есебiнен тиiмдi пайдалану қажет.

3. Үзiндi: Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар «Қазақстан жолы-2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ»

Бесiншi. шағын және орта бизнестi дамыту — ХХI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтiк жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менiң ұстанымым айқын екенiн бiлесiздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестiң үлесi артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседi. Бiзде шағын және орта бизнестiң 800 мыңнан астам субъектiсi бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етедi. Бұл сектордағы өнiм көлемi төрт жылда 1,6 есе өстi және 8,3 млрд. теңгенi құрап отыр.

Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнестi жүргiзуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кiредi және бiз бұл үрдiстi өрiстете түсуге тиiспiз. Шағын және орта бизнес — бiздегi Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берiк экономикалық негiзi. Оны дамыту үшiн жеке меншiк институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешендi шешiмдер қажет. Бизнестi дамытуға кедергi келтiретiн барлық енжар құқықтық нормалардың күшiн жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн отбасы дәстүрiне айналуға тиiс.

Шағын бизнестi мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшiру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектiлерiнiң банкроттығының айқын тетiктерiн енгiзген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсiпорындар төңiрегiнде дамуға тиiс. Мен Үкiметке индустрияландырудың екiншi бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестiрудi тапсырдым. Үкiмет Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен бiрлесiп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдiстемелiк көмектiң тиiмдi тетiктерiн жасауы керек.

13.09.2017 17:51

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика