Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Басқарма туралы ереже

Басқарма туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2016 жылғы
«11» тамыздағы № 306 қаулысымен
бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы

2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында кәсiпкерлiк және туризм саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.

3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

9. Мемлекеттiк органның мемлекеттiк тiлдегi толық атауы — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi; орыс тiлiнде — коммунальное государственное учреждение «Управление предпринимательства и туризма акимата Северо-Казахстанской области».

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Миссиясы: шағын және орта бизнестiң ұстанымын кеңейту және нығайту үшiн қолайлы жағдай жасау, кәсiпкерлiк ортаның бастамашылығын iске асыруда жәрдем көрсету, шағын және орта бизнестiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

облыста туристiк саланы дамыту және сауда қызметiн реттеу үшiн жағдай жасау.

14. Негiзгi мiндеттерi:

1) шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру және үйлестiрудi жүзеге асыру;

2) туризм саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру және үйлестiрудi жүзеге асыру;

3) мемлекеттiк сауда саясатын iске асыру;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) өңiрде кәсiпкерлiк инфрақұрылымды және кәсiпкерлiк қызметтi қолдау жөнiндегi инфрақұрылымды дамыту мәселелерi жөнiндегi шараларды пысықтау және iске асыру;

2) тиiстi мемлекеттiк органдарға өз құзыретiнiң мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге ережелер, өзгерiстер мен толықтыруларды қосу туралы ұсыныстар енгiзу;

3) кәсiпкерлiктi дамыту бөлiгiнде республикалық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу.

4) облыстың әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;

5) басқарманың Бюджеттiк бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, солар бойынша есептер дайындау;

6) экономиканың басым секторларын дамыту үдерiсiнде жергiлiктi атқарушы органдар мен бизнестiң өзара тиiмдi iс-қимылын қамтамасыз ету;

7) кәсiпкерлiк қызметтiң дамуына бөгет болатын әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуға жәрдемдесу;

8) қаржыландыру көздерiнiң құралдарын және қолжетiмдiлiгiн кеңейту арқылы экономиканың басым секторларына инвестиция тартуға жәрдемдесу;

9) орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық ұйымдар, аудандар мен Петропавл қаласының әкiмдiктерiмен кәсiпкерлiк пен туризмдi дамыту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;

10) бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;

11) облыста Бизнестiң жол картасы 2020 мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;

12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасына мониторинг жасау. Жанар-жағармай материалдары бағасына мониторинг жасау;

13) басқарма жетекшiлiк ететiн облыстың экономикалық қызмет салаларының дамуын талдауды жүргiзу;

14) облыс аумағында кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған ақпараттық-консультативтiк, тұсаукесер-көрмелiк iс-шараларды өткiзу, олардың республика аумағындағы және одан тыс жерлердегi форум, конференция, слёт, фестиваль, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

15) жетекшiлiк ететiн бағыттар бойынша сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға жәрдемдесу;

16) басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және ұдайы жаңартып отыруды қамтамасыз ету;

17) түстi және қара металл сынықтары мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру;

18) түстi және қара металл сынықтары мен қалдығын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияларды есепке алу және осы лицензиаттардың лицензиялық ереженi сақтауын бақылау;

19) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынасын дамыту стратегиясын айқындау;

20) сараптамалық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

21) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

22) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

23) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

24) заңнамаға сай тәртiпте бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

25) бейбiт уақыттағы төтенше жағдайларда және жұмылдыру мерзiмiнде облыстық сауда және тамақтандыру қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру;

26) облыс аумағында туристiк қызмет саласындағы үйлестiрудi жүзеге асыру;

27) туризмдi дамытудың өңiрлiк бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;

28) туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

29) туроператорлық қызметтi лицензиялау;

30) гидтi (аудармашы гидтi) кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру;

31) туристiк саланы дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу;

32) туристiк маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;

33) туристiк қызметтi жүзеге асыратын адамдардың мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу;

34) туристiк қызмет көрсету нарығын талдауды жүргiзу және уәкiлеттi органға облыс аумағында туризмнiң дамуы туралы ақпарат ұсыну;

35) облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;

36) туристер бiрлестiктерiнiң қызметiне және өз бетiнше туризмдi дамытуға жәрдем ету;

37) туристiк ақпарат ұсыну, соның iшiнде туристiк әлеует, туризм объектiлерi және туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар туралы;

38) Басқарманың жанынан туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құру;

39) өз құзыретi шегiнде облыста кәсiпкерлiк және туризмдi дамытуға арналған қаржы қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету;

40) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi функциясын жүзеге асыру.

41) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде жүзеге асыру.

16. Құқықтары және мiндеттерi:

Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамамен белгiленген тәртiпте мыналарға құқылы:

1) жергiлiктi атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiмен, ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бiрлестiктермен өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасауға;

2) өзiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде жүктелген қызметтердi орындау үшiн мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан қажеттi құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрауға және алуға;

3) әкiм, әкiмдiк және мемлекеттiк органдар өткiзетiн Басқарманың құзыретi мәселелерiне қатысты отырыстарға, кеңестерге және жиналыстарға (селекторлықты қоса) қатысуға;

4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар және конференциялар өткiзуге;

5) өз құзыретi шегiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат ұсынуға;

6) қажеттiгiне қарай, кеңестер, сараптамалық және жұмыс топтарын құруға;

7) облыс әкiмiне Басқарманың құзыретiне жататын мәселелер бойынша қаулылар, шешiмдер және өкiмдер жобаларын белгiленген тәртiпте енгiзуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

Басқарма мыналарға мiндеттi:

1) өзiне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;

2) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

3) Басқармаға жiберiлген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, шағымдарын, арыздарын, ұсыныстарын белгiленген тәртiпте қарауға, олардың орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртiпте бақылауға, оларға жауап беруге;

4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдауды ұйымдастыруға;

5) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де мiндеттердi iске асыруға.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

17. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18. Басқарманың бiрiншi басшысын Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) өзiнiң орынбасарларының, құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Басқарма қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте көтермелейдi және тәртiптiк жазалайды;

4) Басқарма бұйрықтарын шығарады және күшiн жояды;

5) Басқарма атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мекеме мүлкiне иелiк етедi;

7) Басқарманы барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынады;

8) облыстың жергiлiктi атқарушы органы бекiткен штат санының лимитi шегiнде Басқарманың құрылымын, штат кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi;

9) Басқарма жұмысының регламентiн бекiтедi;

10) шарттар жасайды;

11) сенiмхаттар бередi;

12) қызметтiк этика нормаларын сақтауды қамтамасыз етедi;

13) Басқарма қызметкерлерiнiң iссапарлары, тағылымдамалары, қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқуы және бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерi бойынша тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi.

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Басқарманың бiрiншi басшысына жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша мiндеттер жүктеледi және сол үшiн ол дербес жауап бередi.

Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Басқарманың мүлкi

21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Басқарманың жұмыс тәртiбi және өзара қатынас

28. Басқарма мен уәкiлеттi орган арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

29. Басқарманың әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

30. Басқарманың жұмыс уақытының режимi екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасында түскi үзiлiспен ұзақтығы күнiне сегiз сағат.

09.09.2016 12:53

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика