Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Мүмкiндiгi шектеулi адамдар да кәсiпкерлер болуы мүмкiн

09.10.2017

2017 жылы 4 қазанында «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ қызметкерлерi «Даму» кәсiпкерлектi дамыту қоры» АҚ-ның өңiрлiк филиалындағы Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеесшiлерiмен бiрлесе отырып, кәсiпкерлiк бастамасы бар халықпен және мүмкiндiгi шектеулi тұлғалармен кездесу өткiзiлдi.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттiк бағдарламалар аясында мемлекеттiк қолдау көрсету шаралары туралы түсiнiктемелер берiлдi: «Бизнес жол картасы 2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасы; Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы; Солтүстiк Қазақстан облысының шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн аймақтық қаржыландыру бағдарламасы; қатысушылар арасында қызығушылық тудырған «Даму-Көмек» мүгедектiгi бар бастамашы кәсiпкерлер үшiн қаржылай емес қолдау бағдарламасы.

Осы бағдарлама шеңберiнде «Даму» Қоры мүмкiндiгi шектеулi мүгедек-кәсiпкерлер және әлеуеттi демеушiлер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүгедек-кәсiпкерлерге олардың проблемалары және оларға қажеттi ресурстар (қаржылай көмек, құрал-жабдықтар, мүлiк, консультациялық қолдау, басқа да қызметтер) туралы ақпарат дәрежесiн арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.

Егер Сiздi осы Бағдарлама қызықтырса немесе Сiз кәсiпкерлер-мүгедектер үшiн демеушi болғыңыз келсе, сұраймыз, Петропавл қаласы, Ж. Жабаев көшесi, 191 (Даму» Қорының Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығы)мекен-жайына өтiнудi сұраймыз; анықтама үшiн телефон: 8 (7152) 55-98-10.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика