Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

Пресс-анонс
Iскерлiк байланыстар» компонентi шеңберiнде тегiн оқыту

08.02.2018

Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысы кәсiпкерлерi!

«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын «Iскерлiк байланыстар» оқыту жобасы бойынша Сiздi қатысуға шақырамыз. Оқыту 2018 жылы мамыр айында тегiн алғаш рет Петропавл қаласында өтедi.

«Iскерлiк байланыстар» құралы Бағдарлама шеңберiнде өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады, және екi кезеңнен тұрады:

Бiрiншi кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Бұл кезеңде кәсiпкерлiктi жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн, маркетингтi, бизнес-әрiптестермен iскерлiк байланыс орнатуды және басқаларды оқытуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру жолымен Бағдарлама шеңберiнде өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары және орта буын басшыларының бiлiктiлiгiн жоғарылату жүргiзiледi. Оқыту процесiнде құралға қатысушылар шетелдiк және отандық бизнес-жаттықтырушылардың жетекшiлiгiмен өз кәсiпорнының бизнес-жоспарларын әзiрлейдi.

Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейiн берiлген консультацияларға сәйкес құралға қатысушылар бизнес-жоспарларды өз бетiнше пысықтайды және кейiннен «Шетелдiк әрiптестермен iскерлiк байланыстар орнату» құралының екiншi кезеңiне конкурстық iрiктеуге қатыса алады.

Екiншi кезең құралға қатысушылар үшiн шет елдерде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы көздейдi және ұқсас бейiндегi шетелдiк кәсiпорындарда тағылымдамадан өту мен шетелдiк әрiптестерiмен мынадай мәселелер бойынша iскерлiк қатынастар орнатуды қамтиды:

  1. технологиялар трансфертi және жабдықтар сатып алу;
  2. тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi өзара жеткiзу;
  3. франшизаларды сатып алу;
  4. халықаралық және шетелдiк ұйымдардың гранттарын алу;
  5. бiрлескен кәсiпорындар құру.

Бiр ай тағылымдамаға қатысушыларды iрiктеу үмiткерлермен әңгiмелесу мақсатында олардың қатысу тағылымдамадан өтуге, бағалауға жобалық тапсырмалары (1-шi кезең) және конкурстық құжаттамаларға талдау бiрлескен қазақстан-герман комиссиясы жүзеге асырылады.

Қазақстаннан, тағылымдама өтетiн елге шығумен байланысты шығыстарды қатысушы көтермейдi. Осылайша Сiз үшiн ең аз шығыстар арқылы, озық шетелдiк өндiрiстерге барып, кейiннен олардың тәжiрибесiн болашақта қолдануға мүмкiндiгiңiз бар.

Өтiнiмдер СҚО кәсiпкерлерi палатасында Абай к-сi,29 тел.50-35-87 мекен-жайы бойынша қабылданады. Мына сiлтеме бойынша өтiнiмдi жүктеуге болады iскерлiк байланыс жобасына қатысуға арналған өтiнiм.docx.

Сондай-ақ, Сiзге «Аға сеньорлар» құрамы басқарудың жаңа әдiстерiн, өндiрiс технологияларын, жабдықтарды енгiзу және персоналды оқыту мәселелерi бойынша құрауышқа қатысушыларға тiкелей кәсiпорындарда консультация беру үшiн жемiстi жұмыс тәжiрибесi бар жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға бағытталған iске асыру туралы хабарлаймыз. Құрауыш бойынша шетелдiк сарапшыларды тарту бойынша шығыстарды өтеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. Мына сiлтеме бойынша өтiнiмдi жүктеуге болады аға сеньорлар өтiнiмi.docx.

Толық ақпаратты www.atameken.kz сайтынан алуға болады, сондай-ақ мына телефондар бойынша: Астана қ. 8 (7172)91-93-47, контакт-центр 59-79-60 (кез келген қаладан тегiн).

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Подать резюме

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Президенттің Жолдауы akorda.kz primeminister.kzegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім <Астана — Ұлы дала елордасыwww.kaznexinvest.kz www.aoktb.kz www.aoktb.kz   www.business.gov.kzӨңдеу салаларындағы қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушыларға арналған Портал Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық порталы«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

 Қазақстан – Ұлы Дала Елі

Яндекс.Метрика